Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең биік ғимарат Қазақстан туының түсіне боялды (фото, видео)

Опубликовано:

Біріккен Араб Әмірлігі қазақ халқын Тәуелсіздік күнімен ерекше құттықтады. Алғаш рет әлемдегі ең биік ғимарат Қазақстан туының түсіне боялды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/kazakhstan_in_uae Видеодан кадр: instagram.com/ztb_video
Фото: instagram.com/kazakhstan_in_uae Видеодан кадр: instagram.com/ztb_video: UGC

Биіктігі мен қабат саны бойынша әлемде бірінші орын алатын 828 метрлі әйгілі Бурж-Халива ғимараты 16 желтоқсан күні республикамыздың туы түсіне боялды. Жергілікті билік осылайша Қазақстанды Тәуелсіздіктің 28 жылдығымен құттықтады.

Биік ғимараттағы құттықтауды әлеуметтік желідегілер жарыса жариялап жатыр. Бурж-Халифаның суреті Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің Instagram парақшасында да пайда болды.

Бұл тамаша көріністі қазір Дубай қаласында жүрген қазақстандықтар видеоға түсіріп алған. Құттықтау видеолар бірнеше Instagram парақшада жарияланды.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды. Бізге даму мен жасампаздықтың жаңа мүмкіндіктері туды. Мемлекетіміз халықаралық деңгейде мойындалып, тиімді басқару жүйесі мен қуатты экономика құрды", - деді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832098-lemdegi-e-biik-gimarat-kazakstan-tuyny-tsine-boaldy-foto-video/

pixel