RU

Қазақстандық ару башқұрт "Джастин Биберінің" клипіне түсті (видео)

Рассказать Вконтакте

Ақтаулық ару, Miss Virtual Kazakhstan байқауының финалисі башқұрт "Джастин Бибері", Elvin Grey сахналық лақап атымен өнер көрсететін әнші Радик Юльякшиннің бейнебаянына түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: lada.kz/ Муслим Закарьяев

Фото: lada.kz/ Муслим Закарьяев

"Я Рабби" атты музыкалық бейнебаян YouTube желісінде 5 желтоқсан күні пайда болды.

Жаңа туынды Башқұртстанның қос жұлдызы- Elvin Grey атымен танымал Радик Юльякшин мен оның лейбл бойынша әріптесі Бабек Мамедрзаевтың бірлескен жұмысы болды. Айта кетейік, Мамедрзаев осы жылдың жазында көпшіліктің жүрегін "Принцесса" әнімен жаулаған еді.

Осы тұста клипте бой көрсеткен қазақстандық ару Милана Закарьяева Lada.kz сайтына бейнебаян түсірілімінің барысы туралы баяндап берді.

Фото: "Я Рабби" клипінен кадрлар/YouTube

Фото: "Я Рабби" клипінен кадрлар/YouTube

Милананың сөзінше, ол осыған дейін де түсірілім жұмыстарына қатысқан. Бойжеткен Miss Virtual Kazakhstan байқауында екінші орын иеленген соң бейнебаяндар мен жарнамаларға, фильмдерге түсуге көп шақырту алған.

Алайда, қазақстандық сұлу дәл осы әншілермен жұмыс істеуге қызығушылық танытыпты. Себебі, ол осыған дейін де олардың шығармашылығымен, "Принцесса" және "Черноглазая" сынды хит әндерімен таныс болған.

Сахналық көріністер алғашында Дубайда түсіріледі деп жоспарланғанымен, дайындық жұмыстары ұзаққа созылғандықтан, түсірілім Маңғыстауда өткен.

Милананың айтуынша, ол қатысқан сахналар екі күнде түсірілген.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандық ару башқұрт "Джастин Биберінің" клипіне түсті (видео)
Mailfire view pixel