RU

Анкара 125 метр биіктіктен Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркия астанасы - Анкара қаласының символына айналған Атакүле ғимаратында Қазақстанның Тәуелсіздігі күніне арналған құттықтау сөздер жазылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Facebook

Фото: Видеодан кадр/ Facebook

Видеоны Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы өз Facebook парақшасына жүктеді.

"Ғимарат басшылығы Анкараның көптеген жерінен көрінетін, қырда орналасқан ғимараттың шыңында Қазақстан Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Ғимарат басшылығына шын жүректен алғысымызды білдіреміз!",- деп жазды ол.

Атакүле мұнарасы Түркия астанасында орналасқан биіктігі 125 метрлік теле- және шолу ғимараты. Мұнараны қаланың кез келген жерінен көруге болады және оның шолу алаңынан Анкараны түгелдей дерлік тамашалауға мүмкіндік бар.

Айта кетейік, осыған дейін Біріккен Араб Әмірлігі қазақ халқын Тәуелсіздік күнімен ерекше құттықтады. Алғаш рет биіктігі мен қабат саны бойынша әлемде бірінші орын алатын 828 метрлі әйгілі Бурж-Халива ғимараты республикамыздың туының түсіне боялды. Жергілікті билік осылайша Қазақстанды Тәуелсіздіктің 28 жылдығына ақ ниетін білдірді.

Биік ғимараттағы құттықтауды әлеуметтік желідегілер жарыса жариялап жатыр. Бурж-Халифаның суреті Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің Instagram парақшасында да пайда болды.

Бұл тамаша көріністі қазір Дубай қаласында жүрген қазақстандықтар видеоға түсіріп алған. Құттықтау видеолар бірнеше Instagram әлеуметтік желісіндегі бірнеше парақшада жарияланды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Анкара 125 метр биіктіктен Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады (видео)
Mailfire view pixel