Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық шенділер азық-түлік бағасының шарықтауына қатысты жауап берді (фото)

Опубликовано:

Алматыда азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін шенділер барын салып жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталының тілшісі. Күнделікті тұтынатын тағамдардың құны қаланың әр бұрышындағы дүкендерде әр түрлі бағамен өсуіне инфляция емес, жеке кәсіпкерлердің қомағайлығы себеп болып отыр екен. Мәселен, олар мереке қарсаңында азық-түлік бағасын шарықтатып, жақсы табыс тауып қалуды көздейді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Осы жайтты болдырмас үшін Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы күн сайын базар мен азық түлік дүкендерін аралап, бағаны қадағалауда қолға алғандарын айтады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Қала бойынша әкімдіктің тарапынан ашылған 8 әлеуметтік дүкен мен 4 азық-түлік жәрмеңкесі осы демалыс күндері үзіліссіз жұмыс жасады. Бұл жерде азық-түлік бағасы басқа дүкен, базармен салыстырғанда қырық пайызға дейін арзан. Мәселен жәрмеңке мен әлеуметтік дүкендер желісінде көкөністердің келісі яғни картоп 85, сәбіз 80, пияз 65, қырыққабат 70 теңге болса жеке сауда нүктелерінде 130-160 теңге арасында.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
Ал сиыр етінің келісі дүкендерде 2500 теңгеге жуықтаса, жәрмеңкеде 1900-2100 теңгеден саудаланды. Бұл жұмыс тек мереке қарсаңында ғана емес жыл бойына жалғасып келеді. Яғни әлеуметтік дүкендер күн сайын жұмыс жасауда. Ал, шағын жәрмеңкелер әр ауданда апта сайын өткізілуде",- дейді Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Сондай-ақ Магнум дүкендер желісіндегі арзан картоп, пияз, сәбіздің де бағасы Жаңа жыл қарсаңында көтерілмейді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Себебі, күнделікті тұтынатын бұл тағамдардың бағасын тұрақты ету үшін жергілікті билік арнайы қаржы бөлген.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Қаржы танымал дүкендер желісіне арнайы есеппен бөлінді. Яғни олар осы ақшаға молынан, картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат сынды ең қажетті көкөністерді сатып алып, халыққа өз бағасына саудалайды. Кейін барлық тауар өтіп біткен соң дүкен басшылығы қаржыны толықтай бюджетке қайтарады.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook
Осылайша ең қажетті көкөністердің бағасының көтеріліп кетпеуін жіті бақылауда ұстап отырмыз. Енді осындай әдісті алдағы уақытта сиыр етіне енгізу жоспарда бар. Әзірге тауық етін көп желілі азық-түлік дүкендерінде арзан бағамен, яғни құс етінің келісі 797 теңгеден саудалануда",- дейді шенділер.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Жеке дүкендердегі азық түлік бағасын әкімдік қадағалай алмайтынын жасырмайды. Себебі халықтың тағамды арзан бағада әлеуметтік дүкен, жәрмеңкеден немесе элиталы сауда үйінен алуы өз құқы. Жергілікті билік тек таңдау жасауға мүмкіндік беретінін айтуда.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Сондай-aқ Алматы Әлеуметтік Кәсіпкерлік корпорациясы Акционерлік қоғамы арзан бағадағы көкөністерді жұмыс істеп тұрған 22 әлеуметтік дүкендерге де енгізуді жоспарлап отыр.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Яғни қолжетімді, арзан азық-түлік енді қаланың әр бұрышында болады деген сөз.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832110-almatylyk-sendiler-azyk-tlik-bagasyny-saryktauyna-katysty-zauap-berdi-foto/

pixel