RU

Тәуелсіздік күнінде дүниеге сәби әкелген аналар қошеметке бөленді (видео)

Telegram logo VKontakte logo

Алматы қаласының Жасотандықтары 16 желтоқсан күні №5 перзентханада дүниеге келген сәбилердің аналарын құттықтап қайтты. Мереке күні сағат 12:00-ге дейін 11 бала дүние есігін ашты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадрлар/ Instagram

Фото: Видеодан кадрлар/ Instagram: Twitter

Сәбилердің аналарына арнайы сыйлық тола пакеттер мен құттықтау хат берілді. Шара барысында Алматы қалалық "Jas Otan" Жастар қанатының төрағасы Мади Ахметов сөз алып, қасиетті мерекеде дүниеге ұрпақ әкелген аналарға алғыс айтты.

"Осындай ұлы күнде дүниеге сәби алып келген Аналарымызды ұлы мерекеміз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймын! Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Еліміздің ертеңгі болашағы болатын ұрпақты дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған аналарымыз - ұлы еліміздің негізгі тұтқасы.
Бүгінгі үлкен қуаныш "Нұрлы күннің сыйы" болып отырған сәбилеріміз көк туымызды биікте желбіретер үлкен азамат болсын. Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын-қыстау кезде демеу болып жүргендері үшін шексіз құрмет білдіремін!",- деді ол.

Ахметовтің сөзінше, бұл бұл игі іс жасаудағы негізгі мақсат – Тәуелсіздік мерекесінде егемен елдегі аналарға құрмет көрсету, мерекелік рухты сыйлау және мемлекеттік рәміздердің бірі – Туды ұлықтау.

Айта кетейік, Түркия астанасы-Анкарадағы Атакүле мұнарасында Қазақстан туының суреті мен құттықтау сөздер пайда болды. Ал БАӘ-дегі ең биік ғимарат республикамыздың туының түсіне боялды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Тәуелсіздік күнінде дүниеге сәби әкелген аналар қошеметке бөленді (видео)