RU

Димаш Құдайберген қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

Telegram logo VKontakte logo

Аты әлемге танымал отандық әнші Димаш Құдайберген қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген. Фото: Instagram

Димаш Құдайберген. Фото: Instagram: Instagram

Әнші ақ лебізін өз Instagram парақшасында жазды. Ол құттықтау сөзін үш тілде жариялады.

" Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!",- деді Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, Алматы қаласының жастары 16 желтоқсан күні №5 перзентханада дүниеге келген сәбилердің аналарын құттықтап қайтты. Мереке күні сағат 12:00-ге дейін 11 бала дүние есігін ашты. Сәбилердің аналарына арнайы сыйлық тола пакеттер мен құттықтау хат берілді. Шара барысында Алматы қалалық "Jas Otan" Жастар қанатының төрағасы Мади Ахметов сөз алып, қасиетті мерекеде дүниеге ұрпақ әкелген аналарға алғыс айтты.

"Осындай ұлы күнде дүниеге сәби алып келген Аналарымызды ұлы мерекеміз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймын! Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Еліміздің ертеңгі болашағы болатын ұрпақты дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған аналарымыз - ұлы еліміздің негізгі тұтқасы.
Бүгінгі үлкен қуаныш "Нұрлы күннің сыйы" болып отырған сәбилеріміз көк туымызды биікте желбіретер үлкен азамат болсын. Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын-қыстау кезде демеу болып жүргендері үшін шексіз құрмет білдіремін!",- деді ол.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Димаш Құдайберген қазақстандықтарды мерекемен құттықтады