RU

90 жасқа толған Бибігүл Төлегенова жанды дауыста ән шырқады (видео)

Рассказать Вконтакте

Күні кеше 90 жасқа толған Бибігүл Төлегенова өз туған күнінде жанды дауыста ән шырқады. Отандық эстраданың жарық жұлдыздары қазақтың "бұлбұлын" мерейтойымен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Instagram

Фото: Видеодан кадр/ Instagram

Белгілі әнші Тамара Асар КСРО және Қазақстанның халық әртісіне шапан жапты. Ол жезтаңдай әншіні жекеменшік мерекесімен құттықтаған видеосын өз Instagram парақшасында жариялады.

Одан бөлек, Бибігүл Төлегенова өз туған күнінде меймандарына жанды дауыста ән шырқап берді.

Видеода қазақ өнері дүлдүлінің қасында Толқын Забирова, Нұрлан Абдуллин, Жазира Байырбекова, Майра Ілиясова, Маржан Арапбаева мен Гүлмира Ақүрпекова, сондай-ақ Тамара Асар сынды эстрада жұлдыздары тұрғанын байқауға болады.

Мерейтой кешінде Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Сопыжанқызы, Тоқтар Әубәкіров пен Қуаныш Сұлтанов та бой көрсеткен.

Айта кетейік, 16 желтоқсанда қазақ ән өнерінің бұлбұлы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова 90 жасқа толды. Ал осыдан бір апта бұрын Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев опера әншісімен кездесті.

Елбасы Бибігүл Төлегенованы 90 жасқа толуымен құттықтады. Әңгіме барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті опера әншісінің шығармашылығымен алғашқы танысқан кезіндегі естеліктерімен бөлісті.

"Сіз біздің халқымыздың шынайы сүйіспеншілігіне ие болдыңыз. Сізге ұзақ өмір, таусылмайтын энергия және көрермендердің қошеметін тілеймін. Концертіңіз керемет өтіп, дәстүр бойынша көрермендердің жоғары бағасына ие болды", - деді ол.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
90 жасқа толған Бибігүл Төлегенова жанды дауыста ән шырқады (видео)
Mailfire view pixel