RU

Головкин-Шеремета жекпе-жегі күтпеген жерден кейінге шегерілді

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен польшалық Камил Шереметаның арасындағы кездесу жоспарланған уақыттан кейінге шегерілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/gggboxing

Фото: instagram.com/gggboxing

Sports.kz порталының хабарлауынша, кездесу наурыз айында өтуі мүмкін. Ал жекпе-жек уақытының өзгергені туралы Шереметаның промоутері мәлімдеді. Оның сөздерін польшалық RingPolska басылымы жариялады.

Осыған дейін БАҚ беттерінде Головкин мен Шеремета арасындағы жекпе-жек 8 ақпан күні өтетінін хабарланған еді. Кейінірек бұл мәлімет өзгеріп, таңдау сирек кездесетін күн-29 ақпанға түскені айтылған болатын.

Басылым ақпаратына сәйкес, енді 29 ақпан күні DAZN- да алғаш рет өнер көрсететін бұрынғы АҚШ чемпионы Майк Гарсияның кездесуі жоспарланып отыр.

Қазір Головкиннің қарсыласы, поляк Камил Шеремета кездесуге белсенді түрде дайындалып жатыр. Ол GGG-дің осал тұстарын анықтап, қолданатын тәсілдері мен түрлі әдістерін пысықтауда.

Алдағы уақытта боксшы тәлімгері Федор Лапиннің басшылығымен жаттығу лагерінде дайындық өткізеді.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық бокстың аңызы Геннадий Головкин отанына келді. Ол Қазақстанда түскен суретін әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді.

Артынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев GGG-ді қазақстандық спорттың дамуына қосқан үлесі үшін "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапаттады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Головкин-Шеремета жекпе-жегі күтпеген жерден кейінге шегерілді
Mailfire view pixel