RU

"Батаңыз есімде": Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады

Жақында ғана Нью-Йорк қаласында жеке концертін өткізген талантты әнші Димаш Құдайберген қазақтың "бұлбұлы" Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ kudaibergenov.dimash
Фото: Instagram/ kudaibergenov.dimash: UGC
"Аса құрметті Төлегенова Бибігүл Ахметқызы! Сізді осынау 90 жылдық мерей тойыңызбен құттықтаймын! Әлі есімде 2015 жылы "Славян базарына" барғалы жатқанда аналық ақ батаңызды беріп тілеуімді тіледіңіз. Қытай елінде де жарыста жүрген кезімде жолдаған батаңыз әлі есімде.
Қазақ ән өнерінің - анасы екеніңіз сөзсіз. Бибігүл апа, сізге, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, 100 жылдығыңызды дүркіретіп атап өтейік! Сіздің күш жігеріңіз, еңбек еткен жолдарыңыз барлығы бізге болашаққа апарар үлкен белес!", -деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, күні кеше 90 жасқа толған Бибігүл Төлегенова өз туған күнінде жанды дауыста ән шырқады. Отандық эстраданың жарық жұлдыздары қазақтың "бұлбұлын" мерейтойымен құттықтады.

Белгілі әнші Тамара Асар КСРО және Қазақстанның халық әртісіне шапан жапты. Ол жезтаңдай әншіні жекеменшік мерекесімен құттықтаған видеосын өз Instagram парақшасында жариялады. Одан бөлек, Бибігүл Төлегенова өз туған күнінде меймандарына жанды дауыста ән шырқап берді.

Видеода қазақ өнері дүлдүлінің қасында Толқын Забирова, Нұрлан Абдуллин, Жазира Байырбекова, Майра Ілиясова, Маржан Арапбаева мен Гүлмира Ақүрпекова, сондай-ақ Тамара Асар сынды эстрада жұлдыздары тұрғанын байқауға болады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1832150-batayz-esimde-dimas-kdajbergen-bibigl-tlegenovany-tugan-knimen-kttyktady.html