RU

БҚО-да жол апатынан зардап шеккен тоғыз адам ауруханаға жеткізілді

Telegram logo VKontakte logo

17 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды. ЖКО-дан зардап шеккен тоғыз адам, оның ішінде екі кәмелеттік жасқа толмаған бала ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Мой город" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Құқық қорғау органдарына сілтеме жасған басылым жол апатының Сырым ауданында болғанын мәлімдеді. Ақпаратқа сәйкес, тас жолда екі жеңіл көлік- Toyota Camry мен Kia Sorento соқтығысып қалған.

ЖКО нәтижесінде жеті ересек адам мен екі бала жергілікті ауруханаға жеткізілді. Әзірге олардың жарақаты қаншалықты ауыр екені белгісіз. Қазір ақ халаттылар зардап шеккендерді тексеру үстінде.

Жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен кінәлілерді тиісті орган анықтайды. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, 15 желтоқсан күні Павлодар облысындағы автожолда жол-көлік оқиғасы болып, бес адам зардап шекті. Оның екеуі бала. "Қазавтожол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Ленинский - Үлкен Ажар тас жолында болған. Әр түрлі жарақат алған жапа шегушілер ауруханаға жеткізілген. Кейінірек балалардың бірі үйіне жіберілген.

Ал оған дейін Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің басқа үш облысында дабылды ескерту жарияланды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
БҚО-да жол апатынан зардап шеккен тоғыз адам ауруханаға жеткізілді