RU

"Қазақмыстың" екі қызметкері пойыз астына түсіп, көз жұмды (фото)

17 желтоқсан күні "Қазақмыстың" үш қызметкері Қарағанды облысындағы темір жол өткелінде жантүршігерлік жол апатына түсті. Салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмып, бір азамат жансақтау бөліміне түсті. Қазір ақ халаттылар оның өмірі үшін күресіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: "Вся Караганда" Telegram арнасы
Фото: "Вся Караганда" Telegram арнасы: UGC

Қайғылы жағдай туралы ақпаратты "Вся Караганда" Telegram арнасы жариялады.

Тараған мәліметке сәйкес, үш азамат аң ауламақ болған. Реттелмейтін өткелдердің бірінде олардың автомобилі тоқтап қалып, жүк пойызына түсіп кеткен.

Оқиға орнында екі бөлім бастығы мерт болған. Қазір жол-көлік оқиғасына қатысқан үшінші азаматтың өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр.

Фото: "Вся Караганда" Telegram арнасы
Фото: "Вся Караганда" Telegram арнасы: UGC

Zakon.kz басылымы оқиғаның мән-жайын өңір полициясы департаментінен анықтауға тырысты. Нәтижесінде өткелде шлагбаум жоқ екені белгілі болды.

Ал автокөлік рөлінде 56 жастағы азамат отырған. Ол оқиға орнында тіл тартпай кетті. Жол апаты салдарынан 33 жастағы компания қызметкеріні де ажал құшты.

Ал жансақтау бөлімінде жатқан қызметкердің жасы 47-де. Жол апатының себебі мен егжей-тегжейін полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Сондай-ақ, бірнеше адамның өліміне әкеп соққан жолда жүру ережесін бұзу фактісі бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Толығырақ ақпарат сот-медициналық сараптама нәтижесінен кейін мәлім болады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1832165-kazakmysty-eki-kyzmetkeri-pojyz-astyna-tsip-kz-zmdy-foto.html