RU

Рождествоға жанұя іздеген жалғызбасты әжейдің оқиғасы елді алаңдатты

АҚШ-тың Талса қаласында тұратын әжейдің туыстары болмаған. Сол себепті қария Рождествоны жалғыз қарсы алмас үшін мереке қарсаңында бұл мәселені тезірек шешуді ойлады. Алайда барлығы ол қалағандай болмай шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Желіде Рождество мерекесіне отбасы іздеген жадлғызбасты әжей сан соғып қалды
Фото: facebook.com/carson.d.carlock: UGC

Жуырда желіде пайда болған жалғызбасты әжейдің жазбасы көпшіліктің назарын аударды.

Карсон Карлок есімді желі қолданушысы Facebook парақшасында Craigslist сайтынан тапқан "жарнаманың" скриншотын жариялады.

Мәтінде егде жастағы әйел адамның әже болып қызмет көрсететіні жазылған. Алайда шын мәнінде әжей өзіне көмек сұрап тұрғандай болады.

Хабарлама ешкімді бейжай қалдырмаған, сондықтан оқиға желіде тез тарап кетті. Тіпті, әжей туралы интернет басылымдар да жазып, теледидарда да айтылды.

Осы уақыт бойы Карсон әлгі қариямен байланыс орнатуға тырысады.

Анықталғандай, Керри есімді әжей жас жігітке болған жағдайдан кейін көпшіліктің шектен тыс назарынан қорқып қалғанын алға тартыпты.

Сол себепті ол ер адамның мерекені онымен бірге атап өту туралы ұсынысын қабыл алмаған. Осымен олардың байланысы үзіледі. Себебі сайт әкімшілігі жазбаны жойып тастапты.

Карсон қарт әйелмен байланыстың үзілгеніне қынжылған. Алайда бірнеше күннен кейін әжей жас жігітке өзі хабарласып, мұндай хабарламаны желіге не үшін салғанын айтып беріпті.

"Қазір ғана Кэрри әжеймен сөйлестім. Ол өзінің жалғыз немересінен қол үзіп қалмау үшін жасырын жүруді қалайды екен", - деп жазды Карсон Карлок.

Анықталғандай, әжейдің қызы, тіпті, немересі бар екені белгілі болды. Бірақ қарым-қатынастағы келіспеушілікке байланысты қызы баласына әжесін көруге мүмкіндік бермей отыр екен.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1832183-rozdestvoga-zana-izdegen-zalgyzbasty-zejdi-okigasy-eldi-aladatty.html