RU

"Әкесі барды": Асхат Садырбай мен Ерке Есмаханның ұлы жеңімпаз атанды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Танымал тележүргізуші, продюсер Асхат Садырбай мен әйгілі әнші Ерке Есмаханның баласы Павлодар қаласында өткен таэквондодан республикалық жарыста бірінші орын алды. Ұлдары үшін қуанған белгілі жұлдыздар желіде сүйінші сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2rtc3

Муслим, Асхат Садырбай. Фото: instagram, коллаж: NUR.KZ

Ұлының жеңісі туралы бірінші болып Асхат Садырбай жеткізіп, өз парақшасында Муслимнің суреттерін жариялады.

"Бірінші үлкен сайыс, бірінші рет жеке өзінің өзге қалаға шығуы, бірінші орын! Жүлдең құтты болсын, балам! Жауырыны жерге тимейтін жеңімпаз бола бер! Аллаға шүкір, бүгін Павлодарда өткен сайыста Муслим 1-орынды жеңіп алды!", - деп жазды ол.

Одан соң Ерке Есмахан да қалыс қалмай, ерекше қуанышымен бөлісті.

"Кіп-кішкентай Пішнайым үп-үлкен спортшы болып өсіп келе жатыр. Бүгін Муслим Павлодар қаласында өткен таэквондодан республикалық жарыстан 1-орын алды!

Өмірінде алғаш рет тек өзі жаттықтырушысымен және бір топ спортшылармен басқа қалаға шықты. Әжесі үйде әрең отыр, Павлодар жаққа ұшқысы кеп...

Мен жұмыс деп жүгіріп жүрмін. Муслимді қолдап, қасына әкесі барды.

Менің мақтанышым, кішкентай таэквондистім, Алла жар болсын! Муслимнің жаттықтырушы ағайына үлкен алғыс білдіремін!", - деп жазды әнші ресми парақшасында.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Әкесі барды": Асхат Садырбай мен Ерке Есмаханның ұлы жеңімпаз атанды (фото)
Mailfire view pixel