RU

Еліміздің 34 қаласында тұратын азаматтардың жеке мәліметі қолжетімді болған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейлік азаматтардың бірінің өтінішінен кейін заңсыз интернет-ресурс анықталды. Онда Ресей Федерациясының және Қазақстанның тұрғындарының жеке деректері еркін қолжетімді екен. Тізілімде еліміздің 36 елдімекенінің тұрғындары жайлы мәліметтерді алуға болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанның 34 қаласы тұрғындарының жеке мәліметтері қол жетімді болды

Көрнекі фото: pixabay.com

Мамандардың сөзінше, база ресейлік 60 қаланың тұрғындары жайлы ақпаратты сақтаған. РФ-ның миллиондаған тұрғындарының телефондары мен мекенжайлары анықталған.

Роскомнадзор өзінің сайтынан табылған ақпарат жайлы хабарлады. Атап айтқанда, телефон анықтамалығы ретінде жасырылған заңсыз сайтты Қорған қаласының РКН мамандары анықтады.

Қор жайлы деректерді жинақтау кезінде сайттың домені Франция аумағында орналасқаны белгілі болды.

Ресей соты РКН-нің дербес деректер субъектісінің құқықтарын бұзу туралы өтінішін қарастырып, заңсыз сайтты бұзушылар тізіліміне қосу туралы шешім қабылдады, яғни оны Ресей Федерациясының аумағында бұғаттау құқығы бар.

Аталған тармақтарды жазу кезінде сайт Қазақстанда өтуге қолжетімді, алайда пайдаланушылардың жеке мәліметтеріне қауіп төндіретіндіктен, ресурсты пайдалануға кеңес берілмейді.

Айта кетейік, Facebook желісіне тіркелген адамдардың жеке мәліметтері таралып кеткені туралы хабарлаған едік. Үш миллион адам жеке парақшаларының төрт жылдан бері ашық қолданыста тұрғанын білмей келген екен.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еліміздің 34 қаласында тұратын азаматтардың жеке мәліметі қолжетімді болған
Mailfire view pixel