RU

"Халықпен шешу керек": Айқын Алматы атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Отандық эстраданың жарық жұлдыздарының бірі Айқын Төлепберген Алматының Алма-Ата болып өзгеруіне қатысты өз пікірін білдірді. Өнер иесі оңтүстік астана атауын ауыстыру мәселесін алдымен халықпен ақылдаса шешу керектігін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aikyn. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/aikyn. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Әнші Алматы атауын өзгерту жайлы соңғы кезде қызу талқыланып жатқан тақырыпты өзінің Instagram парақшасында көтерді.

Айқын халық арасында үлкен пікірталас тудырған мәселе жөнінде не ойлайтынын айтып, оқырмандарына арнайы сауалнама жасады.

Шоу бизнес өкілі көпшіліктен Алматының Алма-Ата болып өзгеруі грамматикалық тұрғыдан қаншалықты дұрыс болатынын сұрады.

"Алматыны Алма-Ата жасасақ. Алма-Ата(ҒА) қалай барамыз? Алма-Ата(дан) қалай келеміз және Алма-Ата(НЫ) қалай жақсы көреміз? Грамматика жағы қалай болады дегенім ғой. Және мұндай мәселені халықпен ақылдасып шешу керек сияқты? Әлде олай емес па" , - деп жазды Айқын Төлепберген.

Отандық жұлдыздың бұл сауалына қатысты желідегілердің пікірі екіге бөлінді. Бірі Алматы атауының өзгертілуін қолдамаса, енді бірі Алма-Ата атауына қарсы шығуда.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Халықпен шешу керек": Айқын Алматы атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді
Mailfire view pixel