Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

WhatsApp жұмысын тоқтататын зиянды хабарлама туралы білесіз бе

Опубликовано:

Check Point киберқорғаныс компаниясы WhatsApp желісіндегі топтық чат мүшелерінің жұмысын тұрақсыз ететін ірі ақауды байқаған. Мамандар бұл олқылықты жою үшін қосымшаны соңғы нұсқасына дейін жаңартуды ұсынып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Вести" басылымына сілтеме жасап.

WhatsApp қолданушылары топтық чаттардағы барлық хаттадан қол үзіп қалуы мүмкін
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Компанияның Hi-tech Вестиге хабарлауынша, қателік iOS пен Android-қа арналған WhatsApp-тың нұсқаларына әсер етеді. Оның салдарынан қолданушылар топтық чаттағы барлық хаттарды жоғалтып алуы мүмкін.

Шабуыл жасау айтарлықтай оңай. Ол үшін қаскөй чатқа қосылып, зиянды хабарлама жазып, браузердің жөндеу құралдарын пайдалана отырып, оны WhatsApp Web нұсқасы арқылы жіберуі керек.

Нәтижесінде, топтық сөйлесудің барлық қатысушыларында "қосымшаның істен шығуына" әкеп соғатын қате пайда болады.

Оның соңы желі қолданушыларын біраз әбігерге салумен аяқталады. Қолданушылар қосымшаны өшіріп, қайта жүктеуге мәжбүр болады.

Соңында оларға чатты жоюға тура келеді. Себебі қосымшадағы қателіктердің салдарынан ондағы хаттардың барлығы өшеді.

Check Point тамыз айында қосымшаны құрастырушыларға қателіктер жайлы хабарлаған. WhatsApp өкілдері мәселені растап, оның шешімін құрастырып, 2.19.58 нұсқасына енгізді.

Facebook компаниясына тиесілі қосымшаны 1,5 миллиардқа жуық адам қолданады. Мессенджер арқылы күнделікті 65 миллиард хабарлама жіберіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832214-whatsapp-zmysyn-toktatatyn-ziandy-habarlama-turaly-bilesiz-be/

pixel