RU
"Қасында жүріп куә болдым": Бесбаев Сағынтаевтың мақтауын асырды

"Қасында жүріп куә болдым": Бесбаев Сағынтаевтың мақтауын асырды

Рассказать Вконтакте

Отандық өнер саласының саңлағы Мейрамбек Бесбаев желіде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевты мақтап, оның екінші мегаполистің дамуы үшін атқарған ерен еңбегін жоғары бағалады. Оңтүстік астана басшысының мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған әнші шенеунікке жүрекжарды жазба арнады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/m_besbaev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/m_besbaev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімімен бірлесе атқарған жұмысы жайлы Instagram желісінде бөліскен.

Өнер иесі Бақытжан Сағынтаев оңтүстік астана басшылығына келгелі, алып шаһар жақсы жаққа қарай өзгергенін айтып өтті.

"Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын"- дейді қазақ. Бақытжан Әбдірұлы қала әкімі болғалы, Алматының тамырына қан жүгіре бастады.

Қасында жүріп біраз игі шаралардың куәсі болдым. Аз уақыттың ішінде мыңға жуық пәтердің кілті табысталып, Мәдениет саласында да оң өзгерістер болып жатыр.

Азаттықтың алауын жаққан Алматы әлі де көркейе түсетініне мен сенемін. Ел игілігі үшін жасалып жатқан қызметіңіздің жемісін көріңіз. Ел іші даудан, сырты жаудан аман болсын" , - деп жазды Мейрамбек Бесбаев.
Сіздің реакцияңыз
9
2
2
1
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel