RU
Алматыда адамдарды қағып кеткен Range Rover жүргізушісі ірі кәсіпкер болып шықты

Алматыда адамдарды қағып кеткен Range Rover жүргізушісі ірі кәсіпкер болып шықты

Рассказать Вконтакте

Алматыда 13 желтоқсан күні жаппай жол апатын жасап, үш адамды қағып кеткен Range Rover автокөлігінің иесі мен қызметі жайлы ақпарат пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда адамдарды қағып кеткен Range Rover жүргізушісі ірі кәсіпкер болып шықты

Фото: Zakon.kz

Оңтүстік астанадағы орталық мешіттің маңайында элиталық жол талғамайтын көлік үш адамды қағып кеткен еді.

Жәбірленушілер түрлі жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар, аталған жол-көлік апатында үш көлік зардап шеккен.

Бұған дейін Range Rover жүргізушісі мас күйінде болғаны хабарланған еді. Ал апаттан кейін ол ауруханада күзетіліп жатты.

"Время" басылымының мәліметінше, көлікті басқарған ер адам кәсіпкер әрі Қытайдан келетін құрылыс техникасын сататын ірі компанияның иелерінің бірі болып шыққан. Оның жасы 44-те.

Басылым жол апаты кезінде кәсіпкердің "удай"мас болғанын хабарлады.

Басқа көліктерге соқтығысып, жаяу жүргіншілерді қағып кеткеннен кейін ол жасырынып қалмақ болған, алайда ұзап кетпеген.

Ақ түсті көліктен шығарылғаннан кейін ер адам ерсі әрекет көрсетіпті.

Іске қатысты 59 жастағы алматылық әйел жәбірленуші болып отыр. Әйел адам ең ауыр жарақаттар алған.

Ауруханаға жеткізілген кәсіпкердің өміріне еш қауіп төніп тұрмағаны атап өтілді. Ер адам мекемеден шыққаннан кейін, оған қатысты бұлтартпау шарасы анықталады.

Басылымға белгілі болғандай, ер адам компанияны әйелімен бірге құрастырған. Ұйым қытайлық арнайы техниканы жаппай сатумен айналысады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, компания 5 жыл ішінде қарқынды дамып келеді. Яғни, бюджетке жақсы көлемде салық төлеп отыр. Мәселен, өткен жылы бұл сома 273 млн теңгені, ал биыл 312 млн-ды құраған.

Фирманың әлеуметтік желідегі парақшаларында тракторлар мен жүк көліктерінің Қазақстаннан басқа Өзбекстанға да тасымалданатыны жазылған.

Басылымының хабарлауынша, кәсіпкер ісінің алға жүріп жатқанына оның апатқа тап болған көлігі де дәлел болады екен.

Автосалондардағы бұл көліктің құны 50-ден 70 млн теңгеге дейін жетеді.

Жақын уақытта кәсіпкердің көлік жүргізу мүмкіндігі екіталай. Себебі оған қатысты қозғалған қылмыстық бапта 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 2000 АЕК (5 млн. теңгеден астам) айыппұл немесе қоғамдық жұмыстар немесе шартты жаза қарастырылған.

Алайда, басылымның жазуынша, ол сонда да көлік жүргізу құқығынан айырылады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аталған апаттан төрт адамның зардап шеккені хабарланған, алайда полиция үш жаяу жүргіншінің жарақат алғанын мәлімдеді.

Болған оқиғадан кейін жүргізуші ұсталып, медициналық мекемеге жіберілгені атап өтілді.

Аталған ақпаратты көшіру мен қолдану "Время басылымының" рұқсатымен ғана жүзеге асады.

Сіздің реакцияңыз
4
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel