RU
"Астана біздікі": Нұр-Сұлтанда даулы видеоның кейіпкері сот алдына келді

"Астана біздікі": Нұр-Сұлтанда даулы видеоның кейіпкері сот алдына келді

Рассказать Вконтакте

Қолына қару алып, орыс тілінде "Астана біздікі" деп айқайлаған азамат сот алдына келді. Бұған дейін хабарланғандай, ол бұрын соңды жауапкершілікке тартылған және бұл жолы бес жылды арқалап кетуі мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Астана біздікі": Нұр-Сұлтанда даулы видео кейіпкері сот алдына келді

Фото: Instagram/astana_sergek, pixabay.com

Қарашаның ортасында Қазнет қолданушылары желіде тарап кеткен видеороликті қызу талқыға салған еді.

Кадрда жас жігіт қарудың түр-түрін көрсетіп, "Астана оларға тиесілі" екенін мәлімдейді.

Видео қоғам арасында үлкен резонанс тудырды. Ал кадрда Түркістан облысында туған 24 жастағы елорда тұрғыны бейнеленген.

Хабарланғандай, бұған дейін ол жауапкершілікке тартылып, сотталған. Біраз уақыттан кейін видеодан көрсетілген қарулардың қарапайым азаматтар үшін қолжетімсіз екені анықталды.

Бүгін елордада аталған фактіге қатысты сот отырысы басталды.

Белгілі болғандай, айыпталушы - такси жүргізушісі болып жұмыс істейтін "Астана біздікі" видеосының 24 жастағы кейіпкері деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айта кетейік, кейбір қазақстандықтар аталған видеоны әзіл деп қабылдап, оның негізінде түрлі пародия түсіре бастапты.

Қазақстандық заңгер ролик кейіпкерінің шамамен қанша жылға түрмеге тоғытылатынын атап өткен болатын.

Оның сөзінше, сотталушы бес жылды арқалап кетуі мүмкін. Себебі ол бұған дейін сотталып, пробациялық бақылауда жүрген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel