RU

Бозымбаев президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Telegram logo VKontakte logo

Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Бозымбаев президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Қанат Бозымбаев: Facebook

Тағайындау туралы жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

"Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметінен босатылсын", - делінген ресми құжатта.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысының көмекшісі қызметін Мәулен Әшімбаев атқарған болатын.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметінен босатылды.

Өз кезегінде ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Ал осы уақытқа дейін аталмыш лауазымда Дархан Кәлетаев болған еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес, Дархан Аманұлы Кәлетаев ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Сондай-ақ, Президент Мәдина Әбілқасымованы жаңа қызметке ауыстырды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Бозымбаев президенттің көмекшісі болып тағайындалды