RU
Тасмағамбетов Ресейдегі елшілік қызметінен босатылды

Тасмағамбетов Ресейдегі елшілік қызметінен босатылды

Рассказать Вконтакте

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін сәйкес жарлыққа қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иманғали Тасмағамбетов . Фото: Sputnik/Кирилл Калинников

Иманғали Тасмағамбетов . Фото: Sputnik/Кирилл Калинников

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды", – делінген құжатта.

Бұған дейін отандық саясаткер Ербол Әділов Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің қызметінен кетіп, зейнетке шыққалы жатқанын мәлімдеген болатын.

Саясаттанушы өзінің Telegram-арнасында мәлім еткендей, Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына жеткендіктен енді Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен кетпек. Айта кетейік, тоғызыншы желтоқсан күні ол 63 жасқа толды.

Иманғали Тасмағамбетов пайғамбар жасын қасиетті Меккеде қарсы алды.

Мемлекет және қоғам қайраткерінің қажылықта жүрген суреті Instagram әлеуметтік желісіндегі hickmet_travel парақшасында пайда болды.

"Қажылыққа келушілер - Аллаһтың қонағы болып табылады. Халықтың бір туар азаматы Иманғали ағамыз да 63-ке толып, пайғамбар жасында дастарханның төрінде емес, қасиетті Меккеде Аллаһтың қонағы болып қайтты. Тілеген тілегіңіз қабыл болсын. Иманғали ағамызға Аллаһ Тағала разы болсын! Әмин", - делінген жазбада.
Сіздің реакцияңыз
5
0
0
7
1
5
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel