RU

Президент Мәдина Әбілқасымованы жаңа қызметке ауыстырды

Telegram logo VKontakte logo

Мәдина Әбілқасымова Ұлттық Банк төрағасының орынбасары лауазымынан босатылып, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы қызметіне тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Мәдина Әбілқасымованы жаңа қызметке ауыстырды

Мәдина Әбілқасымова: Facebook

"Мемлекет басшысының Өкімімен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды", - делінген Ақорда жариялаған хабарламада.

Сонымен қатар, президент Қасым-Жомарт Тоқаев М.Е. Әбілқасымованы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойған.

"Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы болып тағайындалсын", - делінген ресми құжатта.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Президент әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйістер жүргізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметінен босатылып, ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Президент Мәдина Әбілқасымованы жаңа қызметке ауыстырды