RU

Мемлекет басшысы Дархан Кәлетаевты қызметінен босатты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы сәйкес жарлыққа қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

пппппп

Дархан Кәлетаев. Фото: akorda.kz

Президент әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйістер жүргізілген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес, Дархан Аманұлы Кәлетаев ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Президент Кәлетаевтың орнына Мәулен Әшімбаевты тағайындады.

Сәйкесінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметінен босатылды.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 1 наурызында Кәлетаевтың Қазақстан премьер-министрінің кеңсесін басқаратыны белгілі болды. Асқар Мамин бөлімнің жаңа басшысын таныстырды. Алайда, ол бұл лауазымды ұзақ уақыт атқармады.

25 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Калетаевты президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне ауысқандығы туралы жаңа жарлыққа қол қойды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мемлекет басшысы Дархан Кәлетаевты қызметінен босатты
Mailfire view pixel