RU
Мәулен Әшімбаев Тоқаевтың көмекшісі қызметінен босатылды

Мәулен Әшімбаев Тоқаевтың көмекшісі қызметінен босатылды

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметінен босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәулен Әшімбаев. Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Мәулен Әшімбаев. Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

"Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын", – делінген құжатта.

Еске сала кетейік, биылғы тамыз айында Мәулен Әшімбаев пен Бақыт Сұлтанов мемлекеттік қызметке ауысуларына орай Nur Otan партиясы саяси кеңесінің құрамынан шыққан болатын.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында мәлімдеген еді.

"Қазір Саяси кеңестің құрамында 11 мүше бар. Халыққа жақын болу керек. Сондықтан да жастарды қолдауымыз қажет, әсіресе ауыл жастарын. Зиялылармен тұрақты диалог құру керек. Осыған орай партияның саяси кеңесінің құрамына өзгеріс енгізу ұсынылып отыр.
"Мәулен Әшімбаев мемлекеттік қызметке ауысты. Оған атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа қызметте сәттілік тілейміз. Бақыт Сұлтанов та мемлекеттік қызметке кетті, министр болды. Рақмет, саған сәттілік тілейміз", – деді Елбасы саяси кеңестің кеңейтілген отырысында.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel