RU
Жұмағалиев барлық мемқызметкерлерге смартфон қайтарылмағанын айтты

Жұмағалиев барлық мемқызметкерлерге смартфон қайтарылмағанын айтты

Рассказать Вконтакте

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін басқарушы Асқар Жұмағалиев кейбір шенеуніктерге неліктен смартфондары қайтарлымағанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

БАҚ өкілдері халық арасында "зажигалка" атымен танылған ғимаратта жұмыс істейтін қызметкерлерге смартфон қолдануға салынған тыйымның алынбағанын анықтады.

Ведомство басшысы үкіметтің тиісті қаулысы қабылданғанын айтты.

Оның сөзінше, Министрлер үйінің барлық қызметкерлері жұмыс барысында гаджеттерді пайдалана алады. Алайда бұрынғы Көлік министрлігінің ғимаратына қатысты бұл шешімді осы ұйымның аппараты қабылдайды.

Айта кетсек, бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мемлекеттік қызметкерлерге смартфондары қайтару туралы ұсынысты қолдайтынын жеткізген.

Министрдің сөзінше, ол тыйым салынғалы бері гаджетсіз қатты қинала қоймапты. Алайда смартфон жеңіл әрі ыңғайлы.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 2016 жылдан бері мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс орнында смартфон, планшет пайдалануға тыйым салынған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel