RU

Салықтық тексерістен кейін "Олимп" 145 млрд теңге төлеуге міндеттелді

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астананың прокуратурасы "Олимп" букмекерлік кеңселеріне қатысты тексеріс аяқталғанын мәлім етті: жалпы алғанда, компания 145 млрд теңге салық төлеуі тиіс деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Олимп" БК. Фото: "Время"/ Роман Егоров

"Олимп" БК. Фото: "Время"/ Роман Егоров

Алматының қадағалау органы мемлекеттік кірістер департаментінің компания қызметін бірнеше ай бойы тексергенін мәлім етті. Мемлекеттік органның сайтында көрсетілгендей, сондай-ақ жалпы құмар ойын бизнесіне салық салу мәселесі де қозғалған.

Тексеріс қорытындысына сәйкес, "Олимп.kz" Букмекерлік кеңсесі" ЖШС барлық айыппұлдар мен өсімақыларды есептей отырып, 62 млрд теңге, сондай-ақ осы сауда белгісімен қызмет ететін "Alpha-bet" ЖШС 83 млрд теңге төлеуге міндеттелді.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, "Олимп" букмекерлік кеңсесінің әкімшілігіне қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлағанбыз.

Күштік құрылым ведомствосының баспасөз қызметі мәлім еткендей, букмекерлік кеңсе қажетті лицензиясыз интернет-ресурстар арқылы қызмет көрсеткен.

Сонымен қатар, Алматы ҰҚКД қызметкерлері ел аумағынан заңсыз ақша шығарудың жолын кесті.

Оңтүстік астананың мамандандырылған ауданаралық соты "Олимп" букмекерлік кеңсесінің сауда маркасымен "Only bet" ЖШС және "Alpha bet" ЖШС-не берілген лицензияны жарты жылға тоқтатуға шешім шығарды.

Компания Алматының арнайы мамандындырылған соты рұқсат берген шоттарды тұтқындау мен тінту жұмыстарымен келіспей, сотқа арызданған. Алайда, қалалық сот бұған дейін шығарылған сот инстанциясының шешімін толықтай дұрыс деп есептеп, "Олиптің" өтінішін қабылдамады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Салықтық тексерістен кейін "Олимп" 145 млрд теңге төлеуге міндеттелді
Mailfire view pixel