RU

Бес айлық ұлын емізіп отырған ана ойда-жоқта қатерлі ісікке шалдыққанын білген

Рассказать Вконтакте

Британиялық Эми Палмер бес айлық ұлын емізіп отырған кезде кеудесінде ісіктің барын анықтаған. Бұл дерт баласы омырауындағы түйінді қолымен ұстағаннан кейін белгілі болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Рамблер басылымына сілтеме жасап.

Сәби анасының кеудесінен қатерлі ісікті анықтады

Көрнекі фото: pixabay.com

30 жастағы Палмердің сөзінше, кіші ұлы түйінді қолымен ұстап, анықтап берген.

Алғашында дәрігерлер келіншекте сүт жолының асқынып кеткенін болжаған еді. Алайда сараптама нәтижелері оның шын мәнінде қатерлі ісік екенін анықтады.

Сараптама нәтижелерін жасатып, өзінің қатерлі дертке шалдыққанын білген Эми емдеу курсынан өтіп, лумпектомия (сүт бездерінің салалық хирургиясы), алты циклді химиотерапия және 18 цикл радиациялық терапиясынан өткен.

Осыдан кейін екі баланың анасы бұрын соңды армандап келген нәрселерін жүзеге асыруға бел буады.

Ол дисней ханшайымдарының Run to the Magic жарысына қатысуды, парашюттан секіруді, лондондық марафонда жүгіріп өтуді және Нью-Йоркке баруды қалаған екен.

Бүгінгі таңда әйел адамның беті бері қарағанымен, дәрігерлер оның алда бірнеше ем қабылдап, жүйелі түрде екпе алатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, қатерлі ісік диагнозы қойылған ер адамның миынан 15 жыл бойы өмір сүрген құрт шыққаны туралы хабарлаған едік.

Дәрігерлер науқастың миынан 12 сантиметрлік таспақұртты алып шыққан.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бес айлық ұлын емізіп отырған ана ойда-жоқта қатерлі ісікке шалдыққанын білген
Mailfire view pixel