Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Достары арықтығы үшін келеке қылған жеткіншек адам танымастай өзгеріп кетті

Опубликовано:

Англияның Бристоль қаласының 22 жастағы тұрғыны Илья Циков ерік-жігердің арқасында неге қол жеткізуге болатынын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/itfitness
Фото: instagram.com/itfitness: Facebook

Илья 12 жаста болғанда отбасының Болгариядан Ұлыбританияға қоныс аударған. Оның сөзінше, алғашқы кезде бөтен елде өмір сүру қиынға соқты. Ата-анасына көмектеспек болған жасөспірім мектепте түскі ас сатып, ақшаны жинай бастаған.

"Мен ақшаны аяқ киім салатын қорапта кереуеттің астында сақтап жүрдім. Себебі бір күні бізге қажет болып қалар деп ойладым. Біз Ұлыбританияға көшкен кезде отбасымның кедейлікпен қалай күрескенін көрдім ғой", - дейді Илья Циков.

Өзі арық бала дұрыс тамақтанбағандықтан одан сайын жүдеп кеткен. Оның арықтығын тіпті мектептегі достары келекеге айналдырады. Сол сәтте өзіне сенімсіз Илья әлемнен оқшауланып, бар уақытын видео ойындармен өткізеді.

Бір күні оның ата-анасы баласының түскі ас сатып жүргенін біліп қояды. Дегенмен олар ашуланбай, бар жиған-тергендерін Ильяның жинақ қорына салады. Сол сәттен бастап жасөспірім жігіт өмірін өзгертетін уақыт келгенін түсінеді. Тағдырына налуды доғарған ол өз-өзін қолға алып, сырт-келбетімен жұмыс істей бастайды.

"Бірінші қадамым - өзіме қарым-қатынасқа, қалай көретініме және нені сезінетініме деген адалдық. Мен өз-өзіне сенімсіз, не досы, не қызы, ештеңесі жоқ жасөспірім болдым", - деді Илья.

Бастапқыда Илья спортпен өзі шұғылданады, кейінірек мүмкіндігі пайда болғанда жаттығу залына жазылады. Үш жыл бұрын бол арық баладан нағыз батырға айналған.

Қазір жас жігіт өзінің Instagram парақшасын ашып, өзінің жетістіктерімен бөлісіп отырады. Илья бүгінде аптасына бес-алты рет жаттығу залына барады. Сондай-ақ күніне 2,5 мың калориядан артық тұтынбайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1832274-dostary-aryktygy-sin-keleke-kylgan-zetkinsek-adam-tanymastaj-zgerip-ketti/

pixel