RU

Қанат Бозымбаев: Менің жағдайым олардың басына келмесін (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Qazaq kuresi-нен Ақтөбеде өткен әлем чемпионатына бұрынғы энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың өзі қатысты. Бүгін ғана Президент көмекшісі қызметіне тағайындалған шенеунік өзінің денсаулығына қатысты сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бозымбаев: Менің жағдайым олардың бастарына келмесін (фото)

Фото: KAZ.NUR.KZ

Qazaq kuresi Халықаралық федерациясы президентінің салтанатты шарада мойнын орап, сахнаға шыққан суреті желіге тарап кеткен болатын.

Көпшілік экс-министрдің денсаулығына алаңдап, желіде түрлі қауесет тарады. 

Қанат Бозымбаевтың өзі KAZ.NUR.KZ тілшісіне денсаулығы туралы айтып берді.

Бозымбаев: Менің жағдайым олардың бастарына келмесін (фото)

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Бәрі жақсы, мен үшін алаңдағандарға рахмет. Олар ауырмасын. Менің жағдайым олардың бастарына келмесін. Біртіндеп-біртіндеп, бәрі аман-есен болады. Бір, бір жарым ай реабилитация жасау керек", - деді ол.

Сонымен қатар, Бозымбаев Qazaq kuresi-нен өткен әлем чемпионатынан 5 алтынды жеңіп алған отандастарымызды құттықтады.

"Чемпионат жоғары деңгейде табысты өтті. 42 мемлекеттің спортшылары бақ сынады. Біздің жігіттер де барынша тырысты. Сегіз категориядан бесеуі алтын медаль алды.
Оны қазақтар Қазақстанда алды деп есептемеу керек. Өйткені төрешілердің тең жартысы шетелдіктер болған. Сондықтан әділ өтті деп айта аламыз", - деді Qazaq kuresi Халықаралық федерациясы президенті Қанат Бозымбаев.
Бозымбаев: Менің жағдайым олардың бастарына келмесін (фото)

Фото: KAZ.NUR.KZ

Айта кетерлігі, 16 желтоқсан күні Ақтөбе қаласында өткен Qazaq Kuresiнен әлем чемпионатына 40-тан аса елдің палуандары қатысты. 20-дан аса төреші Украина, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Литва және Армения елдерінен шақырылған.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 18 желтоқсан күні Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалып, Энергетика министрі қызметінен босатылды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қанат Бозымбаев: Менің жағдайым олардың басына келмесін (фото)
Mailfire view pixel