RU
Бозымбаевтың не себепті қызметінен кеткені белгілі болды

Бозымбаевтың не себепті қызметінен кеткені белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек бұрынғы ведомство басшысы Қанат Бозымбаевтың қызметінен кетуге не себеп болғанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қанат Бозымбаев. Фото: KAZ.NUR.KZ

Қанат Бозымбаев. Фото: KAZ.NUR.KZ

Белгілі болғандай, Қанат Бозымбаевтың мойын омыртқасы бөлігіне ота жасалған екен. Жақында ол бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа да баяндаған.

Дәрігерлер шенеунікке көлікпен жүруді және ұшақпен ұшуды азайтуға кеңес берген. Ал министрдің қызметінде бұл қиындық тудыратын жағдай. Себебі, ведомство басшысы үнемі түрлі нысандарды аралап, кездесулер мен келіссөздер өткізу үшін ел аумағында ғана емес, шетелге де баруы қажет.

Сондай-ақ, оған ұзақ мерзімді физиотерапиялық қалпына келтіру шаралары белгіленген.

Еске сала кетейік, бүгін бұрынғы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды.

Көпшілік экс-министрдің мойын жарақатына байланысты алаңдап, желіде түрлі қауесет тарады. 

Қанат Бозымбаевтың өзі KAZ.NUR.KZ тілшісіне денсаулығы туралы айтып берді.

"Бәрі жақсы, мен үшін алаңдағандарға рахмет. Олар ауырмасын. Менің жағдайым олардың бастарына келмесін. Біртіндеп-біртіндеп, бәрі аман-есен болады. Бір, бір жарым ай реабилитация жасау керек", – деді ол.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel