RU

Алматыда жоғалып кеткен студент қыз табылды

Рассказать Вконтакте

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің студенті, 16 жастағы ару табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: Жеке мұрағаттан

Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: Жеке мұрағаттан

Жасөспірім қыздың анасы Күләш Әкімбекованың айтуынша, ол жігітімен бірге басқа қалаға кетіп қалған.

"16 желтоқсан күні құзырлы органдар тапқан. Ол өзінің жігітіне еріп Сарыағашқа кетіп қалған. Біз жастармен сөйлестік. Оның айтуынша, маған айтып, ескерткен күнде мен рұқсат бермейді деп ойлаған. Сол себепті ешкімге хабар бермей кетіп қалған", - дейді қыздың анасы.

Еске сала кетсек, оңтүстік астанада "Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі" КМҚК 2- курс студенті із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланды. Жақындары 16 жастағы Әкімбекова Айғаным Санатқызымен 9 желтоқсаннан бері байланыса алмаған.

2003 жылы дүниеге келген Айғаным 9 желтоқсан күні таңғы 06:30-да үйден кеткен. Сағат 13:00-де сабақтан шығып, достарына үйге №45 автобуспен қайтатынын айтқан. Алайда, құрдастары студенттің қоғамдық көлікке отырған-отырмағанынан бейхабар болыпты.

Қызын іздемеген жері қалмаған Күләш Әкімбекова 10 желтоқсан күні полицияға арыз жазған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда жоғалып кеткен студент қыз табылды
Mailfire view pixel