RU
"Астана біздікі": Нұр-Сұлтанда даулы видеоның кейіпкеріне қатысты үкім шықты

"Астана біздікі": Нұр-Сұлтанда даулы видеоның кейіпкеріне қатысты үкім шықты

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда "Астана біздікі" деп ұрандатқан даулы видеоның 24 жастағына кейіпкеріне сот үкімі шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қараша айының ортасында Нұр-Сұлтан тұрғынының қолына қару алып, орыс тілінде "Астана біздікі" деп айқайлаған бейнеролигі желіде кеңінен тарады.

Кейіннен кадрдағы Түркістан облысында туған 24 жастағы елорда тұрғыны екені, оның бұған дейін істі болғаны анықталды.

Бейнероликке пікір білдіргендердің бірі кадрларда көрсетілген қарулардың қарапайым азаматтар үшін қолжетімсіз екенін атап өтті.

Бүгін елордада даулы видео кейіпкерінің сот алдында жауапқа тартылғаны белгілі болды.

Tengrinews.kz мәліметінше, сотталушы 2017 жылғы қаңтар айында пробациялық бақылауға алынған. Сол кезде ол бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Алайда, бұлтартпау шарасы бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылған екен.

Пробацияның шартына сәйкес, аталған даулы видео түсірілген уақытта ол көшеде емес, үйде болуы тиіс еді.

Пробация қызметкерлері сотталушының түнгі мезгілде жиі үйде болмағанын анықтады. Бұдан бөлек, ол құзырлы органдарға тұрғылықты жерінің ауысқанын хабарламаған. Сонымен қатар, жазаны өтеу шарттарын бірнеше рет бұзған екен.

Нәтижесінде, оның өтелмеген шектеу мерзімі бас бостандығынан айыру мерзіміне ауыстырылды. Сотталушы түзету мекемесінде 2 жыл 3 ай 7 күн жазасын өтейтін болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
4
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel