RU
Динара Сұлтан жолдасын он жыл бойы не себепті жасырып келгенін айтты

Динара Сұлтан жолдасын он жыл бойы не себепті жасырып келгенін айтты

Рассказать Вконтакте

Танымал әнші Динара Сұлтан он жыл бойы күйеуін жасырып келуінің себебін түсіндірді. Алтыншы сәбиіне жүкті өнер иесі жолдасы екеуі жеке өміріне ешкімді араластырмағанды құп көретінін алға тартты. Оған қоса, өнер иесі отбасылық өміріне қатысты тың мәліметтер мен көпбалалы ана болу қаншалықты қиын екенін баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ "Время" басылымына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/dinara_sultan1 Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/dinara_sultan1 Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Сұхбат барысында Динара Сұлтан күйеуін аса қатты жақсы көретінін айтып, әншілік мансабын отбасылық өмірге айырбастағанына өкінбейтінін жеткізді.

"Күйеуімді жасырып жүруімнің бірден-бір себебі - екеуміз де жеке өмір туралы біреуге айтқанды ұнатпаймыз. Оның үстіне менің жолдасым елдің алдында жүрген адам емес. Ол тіпті, кейде қалжыңдап, "Отбасымызға бір жұлдыз жеткілікті" деп айтады. Мен отағасын қалың жұртқа жария етпейтіндігіміді дұрыс түсінбейтін жандар да бар. Олар біздің жасыратын нәрсеміз бар деп ойлайды" , - деді өнер иесі.

Оған қоса, Динара Сұлтан өз пайдасы үшін бай-бағланға тұрмысқа шықты деп сөккендерге жауап беріп, тұрмысқа шын ғашық болып шыққанын да атап өтті.

"Ақша мен мансап үшін бай жігітке тұрмысқа шыққан қыз болсам, қазір үлкен сахнада ән айтып, ай сайын музыка шығарып, бейнебаян түсіріп жүрер ме едім. Бүгінде бұл істерді орындауға жағдайым бар бола тұра, мен өзім оған қызықпаймын. Мен күйеуімді шынайы жақсы көремін және маған отбасылық өмірім қатты ұнайды.
Маған бәрі оңайшылықпен беріліп, өмірім балдай екен деп ойлау қате. Бес баланы туып, тәрбиелеу аса ауыр еңбек. Таң атпай, бір жарым жасар Мәдиді тамақтандырамын. Одан кейін Сурая, Сұрай және Иманды оятамын. Одан кейін, 7:30-да оларды сабаққа апарып, қайтып келіп жолдасыма таңғы ас әзірлеймін. Сосын үш жасар Мұсаны балабақшаға өткіземін.
Оның үстіне, менің қасымнан әрдайым табылатын көмекшім бар. Ол менімен он жыл бойы жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ, бізге аналарымыз да баланы бағып-қағуға көмектесіп тұрады. Екі үлкен қызым кіші інілеріне қарайды. Дегенмен отбасыдағы жауапкершіліктің барлығы менде, сол себепті үйдегі шаруаның барлығын өзім істеймін" , - дейді Динара Сұлтан.

Материалды басып көшіру мен аталмыш ақпаратты қолдану тек "Время" басылымының рұқсатымен ғана іске асырылады.

Сіздің реакцияңыз
16
14
1
0
1
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel