RU

Жаңа жылдан бастап байлықта өмір сүру үшін 7 кеңеске құлақ асыңыз

Telegram logo VKontakte logo

Жаңа жыл қарсаңында арманыңыз орындалып, ақшаңыз көп болуы үшін мерекені үлкендердің ақылына құлақ түре қарсы алсаңыз жеткілікті. Алдағы жылыңызды берекелі де мерекелі етіп өткізгіңіз келсе, төменде жазылған кеңестерге назар аударыңыз деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sm.mews-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ең алдымен жыл соңында барлық қарызыңыздан құтылып, тышқан жылын берекемен бастаңыз.

  • Жаңа жыл алдында біреуге қарыз бермеңіз, әйтпесе, келесі жылы өзіңіз мұқтаж болып қаласыз.
  • Егер мереке түні сол алақаныңыз қышыса, оны қасуға асықпаңыз. Алақаныңызды қатты жұмып, қалтаңызға салған соң бір-ақ ашыңыз. Бұл жаңа жылда молшылық пен береке әкеледі.
  • Кіреберістегі кілеміңіздің астына ақша тастап қойыңыз, сонда келесі жылы сіздің үйіңіз үнемі байлықта болады.
  • Мереке алдында үйіңізге толық тазалау жұмыстарын жүргізіп, барлық сынған, қажетсіз заттарды тастаңыз. Осыдан кейін сізге жаңа жылда екі есе көп дүние келеді.
  • Қымбат, мол мерекелік дастархан даярлаңыз. Осылайша келесі жыл сіз үшін тоқшылық жылы болмақ.
  • 1 қаңтарда өзіңізге жеңілдікпен бір зат сатып алсаңыз бір жыл бойы бақытты әрі жеңіл өмір сүресіз.
  • Жақсы бір тиынды жуып, өзіңіз ішетін бокалға салып қойыңыз. Тілек айтып, осы бокалдан су ішіп, содан кейін тиынды әмияныңызда сақтаңыз. Осының арқасында сізге жыл бойы байлықтың өзі келіп, сізді қорғайтын болады.

Бұл ырымдарға мүлдем сенбесеңіз де, осы тізімдегінің біреуін болса да жасап көріңіз. Сеніммен жасасаңыз, орындалып қалуы мүмкін. Ең бастысы - сенім, сонда ғана бақыт пен байлық, амандық сіздің жақта болады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Жаңа жылдан бастап байлықта өмір сүру үшін 7 кеңеске құлақ асыңыз