Выйти
RU

Қырғыз-тәжік шекарасында жанжал болып, бір әскери жараланды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін қырғыз-тәжік шекарасында жанжал туындап, салдарынан Қырғызстан ІІМ ішкі әскерінің қызметшісі оқ жарақатын алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.

Фото: Sputnik / Григорий Сысоев

Фото: Sputnik / Григорий Сысоев

18 желтоқсан күні таңертең шекара аумағында тұратын шамамен 180 қырғызстандық пен тәжікстандықтың арасында жанжал туып, екі тарап бір-біріне тас атқан. Осыған орай екі елдің шекара өкілдері, облыстық әкімшіліктер басшылары мен құқық қорғау органдары қызметкерлері келіссөздер жүргізді.

Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметінің мәліметінше, келіссөздер барысында тәжік тарапынан оқ атылып, бір шекарашы жараланды.

"Келіссөздер барысында сағат 11:30-да тәжік тарапынан белгісіз біреулер Қырғызстан азаматтарына тас лақтыра бастады, жауап қайтарылған кезде тәжікстандықтарға тиесілі екі көліктің алдыңғы әйнегі сынған.
20 минуттан кейін тәжік тарапынан, алдын ала мәлімет бойынша, ұсақ калибрлі қарудан оқ атылды. Салдарынан Қырғызстан ІІМ Ішкі әскерлерінің сарбазы жарақат алды", – деп мәлімдеді Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметі бойынша, жағдайды тұрақтандыру үшін бас штаб бастығы – ведомство басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әбдікәрім Әлімбаев Баткен облысына ұшып кетті.

Белгілі болғандай, келіссөздер тоқтатылған. Қазір тараптар шекаралас аумақтағы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қырғыз-тәжік шекарасында жанжал болып, бір әскери жараланды