RU

Қатерлі ісік жасушасының пайда болуына әкелетін өнім аталды

Рассказать Вконтакте

Құрамы майға толы тағамдарды жиі тұтыну - адам организмінде қауіпті жасушалардың пайда болуына әкеп соқтырады. Мұндай тұжырымды Дартмут онкологиялық орталығы жасаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Известияға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Медицина мамандарының дерегінше, құрамы майға бай тамақтану рационы мен семіздік - сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупін арттырады және қатерлі ісікпен ауыратын науқастардың денсаулығына кері әсер етеді.

Зерттеу рак клеткалары өзінің өсуіне майларды қолдана алатындығын көрсеткен.

"Қатерлі ісік жасушалары май бөлшектерін сіңірудің күтпеген механизмін пайдаланып қанда көп мөлшерде май сіңіре алады. Нәтижесінде жасушалардың метаболикалық қайта бағдарламалануы жүреді", - деді жұмыс авторларының бірі, онколог Уильям Кинлоу.

Оның сөзінше, майды көп мөлшерде жұтқан қатерлі ісік жасушаларына дәрі көмектесе алмай қалады.

Осылайша, адамдар неғұрлым майлы тамақты тұтынып, салмақ жинаса, онда организмде қатерлі ісік жасушалары тез таралатын болады.

Сондай-ақ, ғалымдар қатерлі ісіктің пайда болу себебін де анықтаған. Мамандардың айтуынша, барлық қатерлі ісіктердің шамамен 20% -ы инфекциялармен, вирустармен немесе бактериялармен байланысты.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қатерлі ісік жасушасының пайда болуына әкелетін өнім аталды
Mailfire view pixel