Выйти
RU

СІМ Мысырдағы елшілік қызметкерінің зорлықпен өлтірілгені туралы қауесетке пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің екінші хатшысының өліміне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еламан Жолдасов. Фото: azh.kz

Еламан Жолдасов. Фото: azh.kz

Еламан Жолдасов 13 желтоқсанда өмірден озды.

Марқұмды оның аяғы ауыр әйелі тауып алған. Смадияровтың журналистерге айтуынша, ол үйге кіребірістегі есіктің жанында жатқан.

Әйел бірден елшілікке хабарласқан. Қызметкерлер Жолдасовтардың үйіне 10 минутқа жетпей барған. Сондай-ақ оқиға орнына жедел жәрдем мен полицияда шақырылған.

Смадияровтың сөзінше, қайтыс болған елшілік қызметкерінің үйіне бірден Мысырдың криминалды полициясы да келген.

Екі күннен кейін Қазақстанның СІМ қызметкерлері де Мысырға барған. Олар өз әріптестерінің кенеттен қайтыс болу себептерін анықтау үшін жеке тергеу жүргізеді.

Қазір бұл іспен Мысырдың прокуратурасы да айналысуда.

Ведомство өкілінің айтуынша, іс бойынша бірнеше сот-медициналық сараптама жүргізіледі: біреуін - Мысырда, марқұмның денесін туған жеріне әкелген кезде екіншісін - Қазақстанда жүргізеді.

"Бұл біз үшін ауыр соққы болды", - деп түйіндеді ҚР СІМ ресми өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық дипломаттың өлімі туралы ақпарат демалыс күндері пайда болды. Бұл туралы БАҚ-қа оның әпкесі хабарлады.

Әйел адамның айтуынша, туысының денесінде зорлықпен өлтірілген іздер болған, бірақ, құқық қорғау қызметкерлері мұны суицид нұсқасы ретінде қарастырып отыр.

Алайда еліміздің сыртқы істер министрлігі дипломаттың қазасына қатысты қауесетті жоққа шығарды деп хабарлайды Қазақпарат.

"Бұл қауесет шындыққа жанаспайды. Ол табылған кезде мойны баспалдақтың үстіне асылған жіпке оралып тұрды. Алғашқы тексеріс кезінде денесінде ешқандай дақ, көгеру, қандай да бір жарақат болған жоқ. Аяқ-қолы байланбаған еді", - деді Айбек Смадияров СІМ брифингінде.

Оның айтуынша, оқиға орнынан алынған фото және бейнематериалдар бұл ақпаратты растайды.

Еламан Жолдасов әйелімен бірге екі баланы тәрбиелеп келген. Қазіргі таңда оның жұбайы үшінші сәбиіне аяғы ауыр.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
СІМ Мысырдағы елшілік қызметкерінің зорлықпен өлтірілгені туралы қауесетке пікір білдірді
Mailfire view pixel