RU

Тоқаев жаңа қызметке тағайындалған Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: Akorda.kz

Фото: Akorda.kz

Кездесу барысында президент Мәдина Әбілқасымоваға банк жүйесін тұрақтандыруды және қаржы секторын дамытуды қамтамасыз етуге қатысты бірқатар нақты тапсырма берген.

Жаңа Агенттік Алматы қаласында орналасады.

Айта кетейік, 18-ші желтоқсанда мемлекет басшысының жарлығымен Мәдина Әбілқасымова Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалған болатын.

Жаңа қызметіне дейін Мәдина Әбілқасымова Ұлттық банк төрағасының орынбасары болған.

Ал 2018 жылдың ақпан айынан бастап 2019 жылдың ақпанына дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған еді.

Кейін бұл қызметінен босатылған соң осы жылдың 12 наурызында үкіметтің № 96 қаулысымен ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Президент әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйістер болды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев жаңа қызметке тағайындалған Мәдина Әбілқасымованы қабылдады
Mailfire view pixel