RU

Алматыда жаппай жол апатын жасаған ірі кәсіпкер қолхатпен босатылды

Telegram logo VKontakte logo

Алматыда жаппай жол апатының қатысушысы болған жүргізушіге сот бұлтартпау шарасын анықтады. Алдын-ала мәлімет бойынша ол мешіттің жанында үш адамды қағып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Zakon.kz

Фото: Zakon.kz: Facebook

Қалалық соттың хабарлауынша, тергеу соты қаулы шығарған. Оған сәйкес күдікті ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылған және ол өзін дұрыс ұстауға міндетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аталған апаттан төрт адамның зардап шеккені хабарланған, алайда полиция үш жаяу жүргіншінің жарақат алғанын мәлімдеді.

Болған оқиғадан кейін жүргізуші ұсталып, медициналық мекемеге жіберілгені атап өтілді. Мас күйде болған Range Rover жүргізушісін ауруханада құқық қорғаушылар күзеткен.

Стационарлық емдеу курсы аяқталғаннан кейін оған қатысты бұлтартпау шарасы туралы мәселе шешілетіндігі де хабарланды.

Сондай-ақ БАҚ беттерінде үш адамды қағып кеткен көлік жүргізушісінің ірі кәсіпкер екені туралы ақпарат пайда болды.

Алдын-ала мәлімет бойынша, оның жасаған әрекеті үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен бірге ол жүргізуші куәлігінен де айырылды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Алматыда жаппай жол апатын жасаған ірі кәсіпкер қолхатпен босатылды