RU

Қазақстандықтар Жаңа жыл қарсаңында күннің тұтылуын көре алады

Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтар 26 желтоқсанда күннің тұтылуын көре алады. Астрофизик маман табиғи құбылыстың дәл уақытын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Профессор, бас ғылыми қызметкер, Фесенков атындағы Астрофизикалық институт зертханасының меңгерушісі Виктор Тейфельдің сөзінше, Алматы тұрғындары желтоқсанның соңында, таңертеңгі уақытта ерекше құбылысты көре алады.

Алматы үшін 26 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 10:11-де максималды фазасы 27% болады. Сол сәтте күн дискісінің 1/3 жабық болады. Тұтас тұтылу циклі бір сағат ішінде көрінеді, яғни максималды фазаның басталуына жарты сағат қалғанда Ай Күн дискісін жаба бастайды және максималды фазадан кейін шамамен бір жарым сағат ішінде ақырындап ашыла бастайды", - деді Тейфель.

Аталған күн тұтылуының толық фазасы Сауд Арабиясында, Индияда, Шри-Ланкада, Сингапурда, Малайзия мен Индонезияда байқалады.

"Ол жақта толық фаза байқалады және дөңгелек пішіндес тұтылуды көруге болады. Яғни, Ай Жерден орташа қашықтыққа қарағанда біршама қашықтықта болады, сондықтан ол Күннің дискісінен сәл кіші болып көрінеді", - деді профессор.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандықтар Жаңа жыл қарсаңында күннің тұтылуын көре алады
Mailfire view pixel