Выйти
RU

Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев М.Ж. Досмұхамбетовті Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

"Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі болып тағайындалсын", - делінген ресми құжата.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін аталмыш лауазымды Нұрлан Ноғаев атқарған болатын.

Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның энергетика министрі болып тағайындалды.

Айта кетерлігі, Досмұхамбетов - осы өңірдің тумасы. 1960 жылы туған.

Ол Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінде білім алған. Сонымен қатар, Қазақ мемлекеттік заң университетінің түлегі. Магистр дәрежесі бар.

Ол ұзақ жылдар бойы «ҚазМұнайГазда» жұмыс істеген. Атап айтқанда, ол жоғары лауазымды қызметтерде болған.

2016 жылдан бастап Махамбет Досмұхамбетов Энергетика министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
Mailfire view pixel