RU

Ноғаев энергетика министрі қызметіне келді

Рассказать Вконтакте

Нұрлан Ноғаев Қазақстанның энергетика министрі қызметіне тағайындалды. Мемлекет басшысы сәйкес жарлыққа қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Ноғаев энергетика министрі қызметіне келді

Нұрлан Ноғаев. Фото: atyrau.gov.kz

"Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Атырау облысының әкімі қызметінен босатылсын", - делінген ресми құжат мәтінінде.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстанның энергетика министрі қызметін Қанат Бозымбаев атқарған болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ол ҚР Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды.

Ноғаев Нұрлан Асқарұлы 1967 жылы 30 шілдеде Ақтөбе облысында дүниеге келген.
  • Білімі жоғары, И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясы, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы "Халықаралық қатынастар университеті" Мәскеу мемлекеттік институтын, тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан.
  • Орыс, түрік, ағылшын тілдерін еркін меңгерген.
Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған.

1993-1995 ж.ж. - Мәскеу қаласындағы "Гили- Паскер" ЖШС-ында мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор.

1995-1996 ж.ж. - Алматы қаласындағы "Отрар Лтд" шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары.

1996-2006 ж.ж - "Қазақтүрікмұнай" ЖШС-ында маркетинг жөніндегі инженер, мұнай және мұнай өнімдерін сату, маркетинг бөлімінің бастығы, бас директор.

2006 жылдың ақпан айынан бастап "ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы" АҚ-ның атқарушы директоры.

2006 жылдың тамыз айынан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып істеген.

2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін - облыс әкімінің орынбасары.

2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін - облыс әкімінің бірінші орын-басары.

2012 жылдың 20 қаңтарында Мемлекет Басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан об-лысының әкімі болып тағайындалды.

2016 жылдың 26 наурызында Атырау облысының әкімі қызметіне келді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ноғаев энергетика министрі қызметіне келді
Mailfire view pixel