RU

Көлгінов: Жаңа жылға дайындықты Тәуелсіздік мерекесінен кейін бастадық

Telegram logo VKontakte logo

Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Тәуелсіздік мерекесінен кейін ғана жаңа жылға дайындық жұмыстары басталғанын айтып өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Елорда Инфо-ға сілтеме жасап.

рррррр

Алтай Көлгінов. Фото: instagram.com/altay_kulginov_official: Instagram

Елорда басшысы өз сөзінде қала тұрғындарының шыршаларды қайдан алуға болатынын білетінін сөз етті.

«Өзімнің азаматтық позициям ретінде айтайын, мен шабылып әкелген шыршаларды мүлдем сатып алмаймын. Бұл адамгершілікке жат әрекет. Негізінен қарағайлар шабылып жатады ғой. Оның өсіп шығуы үшін қаншама жыл керек.

Кемінде 10-15 жыл өскен ағашты 10-15 минутта кесіп апарып сатып, жаңа жыл өткен соң бір-екі күннен кейін қоқысқа тастай салады. Бұл – экологияға үлкен зиян.

Бізде оған шектеу қойылған. Бірақ қайдан әкеліп сатып жататыны белгісіз. Бәлкім өзге елдерден жеткізетін болар», – деді әкім.

Көлгінов қала тұрғындарына жасанды шыршалар сатып алуға кеңес берді.

«Жасанды шыршалар да әдемі. Шашылмайды. Сапасы да шынайы түрінен кем түспейді. Оларды бірнеше жыл пайдалануға болады.
Міне осындай жасанды түрлерін біз қалада қолданып жатырмыз. Бұрын үлкен шыршалар үшін үлкен ағаштарды кесетін. Қазір мәдениетіміз, құндылықтарымыз өзгерген», – деп түсіндірді әкім.

Нұр-Сұлтан басшысы сөз арасында жаңа жыл мейрамына дайындық қай уақыттан басталғанын түсіндіріп өтті.

«Қала ішіндегі шыршалардың 70 пайызы жеке секторларға тиесілі. Яғни олар үлкен сауда орталықтарында орналасқан. Біз олармен байланысқа шығып, қала тұрғындарына ыңғайсыздық тудырмауын сұрадық.

Бір айтарым, биыл шыршалар үшін жаңадан ешнәрсе сатып алмадық. Ал жалпы жаңа жылға дайындықты Тәуелсіздік мерекесінен кейін бастадық.

Кейбір шыршалар болды, жинап шығуы біраз уақыт алады. Міне соларды құруды сәл ертерек бастадық. Ал сәндеу жағын бүгіннен бастаймыз», – деп ойын аяқтады Алтай Көлгінов.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Көлгінов: Жаңа жылға дайындықты Тәуелсіздік мерекесінен кейін бастадық