RU
Өскемендік полицейлер өмірімен қоштаспақ болған ер адамды құтқарып қалды

Өскемендік полицейлер өмірімен қоштаспақ болған ер адамды құтқарып қалды

Рассказать Вконтакте

Өскеменде полицейлер балконнан секірмек болған ер адамды аман алып қалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ррррл

Көрнекі фото: pixabay.com

17 желтоқсан күні сағат 15:30 шамасында полицияға қалаағы көпқабатты үйлердің бірінде ер адамның үшінші қабаттағы пәтердің балконнан секірмек болғаны туралы хабар келіп түскен.

Оқиға орнына көп ұзамай патруль экипажы жіберілді.

Патрульдік полиция инспекторлары шақыру түскен мекенжайға бара жатып учаскелік полиция қызметкерлерінен пәтердің жалға берілгенін білген.

Полицейлер пәтер қожайынымен хабарласып, үйді 39 жастағы азаматтың 2 тәулікке жалдағанын анықтапты.

Оқиға орнында тәртіп сақшылары ықшамды жұмыс істеді. Қызметкерлердің бірі балконнан секіруге дайындалып жатқан ер адамды әңгімеге тартып тұрғанда, екінші полицей пәтер қожайынымен бірге ішке кірген.

Олар пәтерге кірген соң әңгімесін жалғастырып, ер адамды мұндай жөнсіз әрекеттен бас тартуға көндіріпті. Әңгіме барысында полицейлер сол сәтті пайдаланып, жедел әрекет жасай отырып, оны қауіпсіз жерге сүйреп апарған.

Осылайша тәртіп сақшылары ер адамның өмірін аман сақтап қалды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel