RU

Президент бірқатар елдегі Қазақстан елшілерін тағайындады

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елдегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшілерін тағайындады. Президент сәйкес жарлықтарға бүгін қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев бірқатар елдегі Қазақстан елшілерін тағайындады

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

"Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;

Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды", - делінген ресми құжат мәтінінде.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкке жағдайды бақылауды, сондай-ақ әр тоқсанның соңында валюта бағамы туралы есеп беруді тапсырған болатын.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Президент бірқатар елдегі Қазақстан елшілерін тағайындады
Mailfire view pixel