RU

Серік Ахметов мерзімінен бұрын босатылмайтын болды

Telegram logo VKontakte logo

Жемқорлық іс бойынша сотталған бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов мерзімінен бұрын босатылмайтын болды. Прокурор сотталушыға бұған дейін екі рет рақымшылық жасағанын алға тартқандықтан, Қарағанды облыстық сотының судьясы осындай шешім шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Астана" телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Серік Ахметов. Фото: NUR.KZ

Серік Ахметов. Фото: NUR.KZ: Original

Сот Серік Ахметовтің абақтыда қоғамға пайдалы іс жасамағанын алға тартты. Бостандығы шектеулі экс-премьер соттан мерзімінен бұрын босатуды сұраған еді. Алайда оның өтініші қанағаттандырылған жоқ.

"Сотқа Серік Ахметовтің қоғамға пайдалы іс жасағаны туралы дәлелдер берілген жоқ. Пробацияның жақсы мінездемесі оның адамгершілік қасиеттерін ғана көрсетеді. Оның аталған мекеме өткізген шараларға қатысқаны туралы алған алғыс хаттары да жоқ. Ол өзінің түзелгендігін еш көрсетіп дәлелдеген жоқ. Сондықтан оны бостандығын шектеу жазасынан босатуға еш негіз жоқ", - дейді Қарағанды облыстық сотының судьясы.

Айта кетейік, Серік Ахметовтің мерзімінен бұрын босатылу туралы талап арызы осыдан екі айдай бұрын ауданаралық сотта да қанағаттандырылмады.

Қорғаушысы Николай Лесник экс-шенеуніктің үлгілі тәртібі мен қоғамдық белсенділігін ескеріп, бостандығын шектемеуді, әрі мемлекеттік қызмет атқаруына салынған тыйымды алып тастауды сұрайды.

Сонымен бірге Серік Ахметов мемлекетке келтірілген екі млрд теңгеден астам шығынды толық өтеген.

Еске сала кетсек еліміздің бұрынғы премьер- министрі 2015 жылы "бюджет қаржысын жымқыру", "лауазымын асыра пайдалану", "кәсіпкерлікке заңсыз араласу" баптарымен айыпталып сегіз жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Сот оның мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызметпен айналысуына бес жылға тыйым салды.

Екі жылдан кейін Серік Ахметов рақымшылыққа ілігіп, жазасын өтеу мерзімі алдымен төрт жылға азайтылып, кейін "бостандығын шектеу"- ге ауыстырылды.

Сөйтіп экс-премьер АК 159/ 18 жалпы ережедегі колониясынан босап шыққан болатын.

А. Қуаш

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Серік Ахметов мерзімінен бұрын босатылмайтын болды