Выйти
RU

Жол апатынан зардап шеккен алматылық әйел тергеудегі сорақылықты жайып салды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Осы жылдың тамыз айында жол апатынан зардап шеккен Юлия Никмурзиева әділдік іздеп, араша сұрайды. Оның сөзінше, оқиғаның анық-қанығын толық тексермеген полицейлер істі жауып тастамақ. Ал бес айдан бері төрт қабырғаға қамалған екі баланың анасы өзін қаққан көлік жүргізушісі жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Юлия Никмурзиева. Фото: Видеодан кадр/ КТК

Юлия Никмурзиева. Фото: Видеодан кадр/ КТК

Юлияны төсекке таңған жол апаты тамыз айында болған екен. Түн ішінде дүкенге шыққан оны жолдан өте бергенде жеңіл көлік қағып кетіпті. Әрине, зардап шегуші сол сәтте рұқсат етілмеген жерден өткенін мойындап отыр. Алайда, Юлия көліктің қатты жылдамдықпен келгенін де жасырмайды.

Ең сорақысы, ол ауруханада 20 күн жатқанда тергеуші де, көлік жүргізушісі де келмеген көрінеді. Қазір жүріп-тұруы қиындаған оның бауыры жыртылып, миы шайқалған, төсі зақымданып, қол-аяғы сынған. Жұмысқа жарамсыз келіншекке дәрігерлер мүгедек болып қалу қаупі бар екенін де айтыпты.

Ал әділдік іздеген Юлия Никмурзиева полицейлер істі жапқалы жатыр дейді. Құзырлы орган өкілдері бұл жағдайды апат кезінде көліктің техникалық жарамсыз болғанымен түсіндіріп отыр екен. Бірақ ашынған ана тергеу барысында көптеген сорақылыққа жол берілгенін айтады.

"Сол түні ешқандай "негіз жоқ" деп көлікті иесіне қайтарып берген. Тек адвокатым іске араласқанда арада, үш жарым ай өткенде ғана көлікті айып тұрағына тоғытты. Енді олар көлік мені соққан кезде техникалық жарамсыз болғанын айтып отыр.
Жүргізуші алкоголь ішкенішпегінін анықтауға арада алты сағат өткен соң барған. Мені бірінші жолақтан қағып кеткен. Бірақ, олардың құжатында екінші жолақ, яғни жолдың ортасы деп көрсетілген. Бар талабым, жүргізуші аяғымнан тік тұрып кетуіме көмектессе екен", - дейді жанайқайын жеткізген Никмурзиева.

Дереккөз КТК арнасы

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жол апатынан зардап шеккен алматылық әйел тергеудегі сорақылықты жайып салды