Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дональд Трампқа импичмент жарияланды

Опубликовано:

АҚШ конгресі палатасының өкілдері ел президенті Дональд Трапмқа импичмент жариялады. Олар көшбасшыны парламент сотына екі бап - "өкілеттілігін асыру" және "конгресске кедергі келтіру" бойынша тартуға дауыс берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Риа Новостиге сілтеме жасап.

Дональд Трамп. Фото: РИА Новости / Эва Мари Ускатеги
Дональд Трамп. Фото: РИА Новости / Эва Мари Ускатеги: Facebook

Нәтижелер партиялық негізде бөлінген - демократтық ұстанымдағы өкілдер импичмент үшін дауыс берді, республикашылар оған қарсы болды.

Импичменттің бірінші бабы - билікті асыра пайдалануға - 230 адам қолдап дауыс берген, оның ішінде бір тәуелсіз депутат бар, сондай-ақ 197 қарсы дауыс, оның ішінде екеуі демократ. Бір адам қалыс қалған. Ол Демократиялық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер Тулси Габбард.

Екінші бап - конгресске кедергі келтіруге - 229 депутат қолдап дауыс берді, оның ішінде бір тәуелсіз депутат бар. Ал қарсы 198 адам дауыс берген, оның қатарында үш демократ бар. Сондай-ақ тағы біреуі қалыс қалған.

Енді Трампқа қатысты сот процесін жүргізуге тиісті сенат істі қараумен айналысатын болады. Конгресстің жоғарғы палатасында отырған республикашылдардың көпшілігі Трампқа импичмент жарияламақ емес.

АҚШ президентінің өзі Конгрессте демократтар бастамашы болған импичмент процедурасын олардың саяси өзін-өзі өлтіруі деп атады.

"Сіздер менің рейтингімді көрдіңіздер ме?.. Олар маған алғашқы күннен-ақ импичмент жариялауға тырысты. Олар мен күресті бастамай тұрып тырысты", - деді Трамп Мичиган штатында өткен митингте.

Президенттің сөзінше, соңғы сауалнама бойынша оның танымалдылығы қазан айында 38%-дан 43%-ға дейін өскен.

Ақ үй өз кезегінде Трамп импичмент рәсімі аясында келесі қадамдарға дайын екенін және оның сенатта толық ақталатынына сенімді екенін мәлімдеді.

Демократтар Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийден өзінің басты қарсыласы Джо Байденге қатысты тергеу түрінде қызмет көрсетуді талап етіп, АҚШ конгрессі мақұлдаған Украинаға әскери көмек көрсетуді кешіктірген деп санайды.
Трамптың қарсыластары ол осылайша конституцияны бұзып, өз өкілеттіктерінен асыра пайдаланды деп санайды, ал республикашылдар мұнымен келіспейді.

Президенттің өзі импичмент жариялау әрекетін "мыстанға аңшылық" деп атайды және өзінің заңсыз ешнәрсе жасамағанын тек Украина билігінен сыбайлас жемқорлықпен күресуді талап еткенін айтқан.

Голос Америкидің хабарлауынша, АҚШ конгресі палата өкілдері импичмент жариялағанымен Дональд Трамп мемлекетті басқаруын жалғастырмақ.

Президенттің тағдырын сенат шешеді. Онда палата өкілдерінің бекітілген айыптаулары мен оның кінәсіздігін дәлелдейтін айғақтар қарастырылады.

Процеске АҚШ-тың Жоғарғы сотының басшысы Джон Робертс жетекшілік етеді.

Импичментке кем дегенде 67 депутат дауыс беруі керек. Қарау процедурасын сенат көшбасшылары анықтайды.

Сенат тыңдалымды қаңтар айында бастауы мүмкін. Процестің ұзақтығы регламенттелмеген.

Егер импичментті жақтаушылар сенатта айтарлықтау дауыс жинамаса, онда Дональд Трамп өзінің қызметін сақтап қалады.

Ал сенат импичментті қолдаған жағдайда қазіргі вице-президент Майк Пенс мемлекет басшысы болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1832377-donald-trampka-impciment-zarialandy/

pixel