Выйти
RU

Маржан Арапбаева қызының 1 жас тойын дүркіретіп өткізді (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық эстраданың жарық жұлдызы Маржан Арапбаеваның шаңырағында үлкен қуаныш. Өнер иесінің қызы бүгінде бір жасқа толды. Ал әнші көз қуанышының жеке мерекесіне орай ұлан-асыр той жасады. Кеште Сафия есімді бүлдіршіннің тұсауы да кесілді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Дүбірлі тойда әншінің өнердегі достары мен әріптестері бой көрсетті. Ақ дастархан басына жиналған меймандар арасында Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова, Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова, Айгүл Иманбаева, Қарақат Әбілдина және Айгүл Мүкей және Заттыбек Көпбосынұлы бар.

Ал Арапбаеваның өзі бұл той жайында Instagram парақшасында жазды.

"Кеше Сафия қызымыздың тұсаукесер тойын өткіздік. Барлық келген қонақтарыма үлкен рахмет. Әр шаңырақта сәби болсын деп тілеймін. Балапандарымыз тек бақытты болсын. Сіздерді жақсы көремін, туыстар, бауырлар, достар. Сафия Ерболқызы, 1 жас", - дейді өнер иесі.

Әншінің қуанышты хабарын естіген көпшілік те оған ақ тілегін білдірді.

"Керемет, құтты болсын", "Қадамы құтты болсын", "Өмір жасы ұзақ болсын, әкесі мен анасының бетке ұстар азаматшасы болсын" деп жазды олар.

Желі қолданушыларының арасында Тамара Асарды іздеген жандар да табылды.

"Тамара анасы қайда?", "Құтты болсын, Тамара Асар ханым кіндік анасы ғой" десті жұрт.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Маржан Арапбаева қызының 1 жас тойын дүркіретіп өткізді (видео)