Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

34 жастағы келіншек туа бітті аурудың кесірінен 35 келіге дейін арықтап кеткен

Опубликовано:

Элерс-Данлос синдромымен ауыратын 34 жастағы ағылшын әйелі ауыр дерттің кесірінен отбасы мен мансабынан айырылғанын және 35 келіге дейін салмақты қалай тастағанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Эмили Монк. Фото: shropshirestar.com
Эмили Монк. Фото: shropshirestar.com: Twitter

Эмили Монк (Emily Monk) 2011 жылы 26 жасында тұрмысқа шығып, сүйіктісімен бірге Критке бал айына аттанады. Көңілді демалыстан оралғаннан кейін оның ас қорыту жолдарында ауырлық пайда болады. Осыдан соң ол отаның көмегімен ішегін алдырып тастаған.

Екі жыл өткеннен кейін Эмилиден Элерс-Данлос синдромының ауыр түрі табылған. Бұл буындарға, теріге және қан тамырларына әсер ететін емделмейтін туа біткен ауру. Әйел адам ана болсам деген арманынан бас тартып, жұмысын тастауына тура келген.

2018 жылы Монк ауруханада алты айдай уақыт ем алған. Мекемеде жатқан кезде науқаста сепсис басталып, оның бір көзі көрмей қалыпты. Көп ұзамай келіншектің шаңырағы шайқалып, күйеуімен де ажырасады. Осыдан соң ол өз-өзіне қол жұмсамақ болып, психиатриялық емханаға жатқызылған.

Қазір Эмили Монк өзіне күнделікті күтім жасайтын ата-анасымен бірге тұрады. Ол мүлдем тамақ жей алмайды және арнайы әзірленген тамақ қоспаларына толығымен тәуелді. Оның салмағы бар-жоғы 35 келі шығады.

Еске сала кетесек, бұған дейін достары арық денесі үшін келеке қылған британдық жеткіншектің адам танымастай өзгеріп кеткенін хабарлаған едік.

Сондай-ақ, Қытайда бет-әлпеті қарт кісіге ұқсайтын жасөспірімнің мектепке бармай қойғанын да жазған едік. Небәрі 15 жастағы жасөспірім қыз сирек кездесетін генетикалық ауытқу - прогериямен ауырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1832386-34-zastagy-kelinsek-tua-bitti-aurudy-kesirinen-35-kelige-dejin-aryktap-ketken/

pixel